Алкоголь қосылған кәмпиттің қаупі айтылды

Алкоголь қосылған кәмпиттің қаупі айтылды
Фото: elements.envato.com

Алкоголь қосылған кәмпитті жеген адам мас болып қана қоймай, оның ағзасындағы қант деңгейі де көтеріліп кетеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап. 

Ресейлік ғалым Валентина Скрябинаның сөзінше, ішімдікке тәуелді адамдар кәмпиттің бұл түрін жемегені дұрыс. 

"Салдарынан адам мас болып қана қоймай, гипергликемиялық соққы алады. Ол қандағы глюкозаның көбеюі деген сөз", - дейді маман. 

Ал Мәскеудің денсаулық сақтау департаментінің бас диетологы Антонина Стародубованың айтуынша, жалпы кәмпиттің барлық түрінде қант көп. Сондықтан оларды сирек, тек мереке күндері жеген дұрыс.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина