Алкоголь ғана емес. Профессор бауырға зиян 9 нәрсені атады

Алкоголь ғана емес. Профессор бауырға зиян 9 нәрсені атады
Фото: freepik.com

Алкогольдің бауырға зиян екенін білетін шығарсыз. Бірақ сіз жеміс шырындары, диеталық қоспалар және дәрілер бұл ағзаға зиян тигізетінін білесіз бе?

Дәрігерлердің айтуынша, дұрыс емес тамақтану, зиянды әдеттер, дәрігердің рецептісіз дәрі-дәрмек - мұның бәрі бауырымыздың денсаулығына кері әсер етеді.

Токсиколог Михаил Кутушов өзінің телеграм-каналында бауырға зиян негізгі нәрселерді тізіп атады. Бұл ағзаның сау болуын қаласаңыз, неден аулақ болу керегін біліңіз.

Күнделікті тамақтағы артық қант

Ешкім тәттіден біржола бас тарту керек деп айтпайды. Дегенмен қанттың артық болуы майдың жиналуын тудырады, бұл болашақта бауыр жасушаларының - гепатоциттердің бұзылуына әкелуі мүмкін.

Артық салмақ

Бұл енді ешкімге құпия емес: қалыпты салмақты сақтау, ең алдымен, сұлулық үшін емес, денсаулық үшін қажет.

Артық салмақ бауырға зиян. Өйткені, ағзада артық май жиналған кезде  тамыр қабырғаларында және бауыр жасушаларында қабыну басталады. Уақыт өте келе стеатогепатит дамиды.

А дәрумені

Ретинол біздің терімізге өте пайдалы. Дегенмен, қалыпты жағдайда бәрі жақсы. Дәруменнің артық болуы созылмалы интоксикацияға әкеледі.

Темірі бар тамшылы дәрілер

Жақында темір тамшылар өте танымал болды: блогерлер оларды жиірек жарнамалайды. Дегенмен, есіңізде болсын: анемия мен темір тапшылығы бұлай емделмейді!

Транс майлары

Транс майлары бар өнімдерді өндіру тиімді: олар арзан және ұзақ қызмет етеді. Дегенмен, бұл заттар біздің денемізде жиналуға бейім, бұл өте зиянды, соның ішінде бауырға да кері әсер етеді.

Тәтті сусындар

Дүкенде көп қант пен лимонад қосылған шырындар да денсаулыққа аса пайдалы емес.

Алкоголь

Алкогольді ішімдіктер бауырдың ең қас жауы деп бекер айтылмайды.

Парацетамол

Әрине, бұл дәрі-дәрмектің өзі ақылға қонымды мөлшерде қабылданса және көрсетілген кезде қауіпті емес. Алайда, өкінішке қарай, бұл дәріні қызу көтерілсе жиі ішетін адамдар бар. Уақыт өте келе қандай да бір себептермен парацетамолды ішу әдеті бауыр жасушаларының бұзылуына әкеледі.

Диеталық қоспалар (БАД)

Көп мөлшердегі қоспалар сіздің денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін. Әсіресе, салмақ жоғалтуға көмектесетін дәрілер. Олардың құрамында бауырға улы әсер ететін ингредиенттер қосылады.

Мысалы, майды кетіруге және тәбетті басуға арналған эфедрин препараты бар.

Айта кетейік, бұған дейін дәрігер бауыр ауруын ескертетін белгілерді атаған болатын.

Т. Раушанұлы