Әлия Назарбаеваның бұрынғы күйеуі туралы не белгілі?

Әлия Назарбаеваның бұрынғы күйеуі туралы не белгілі?
Фото: Ашық дереккөз

Желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлияның үшінші күйеуімен ресми түрде ажырасқаны туралы ақпарат тарады. Оның бұрынғы күйеуі Димаш Досанов 2016 жылдан бастап "ҚазТрансОйл" басшысы болған еді. Алайда Қаңтар оқиғасынан кейін ол қызметінен кетті. Ол туралы тағы не белгілі? Толығырақ Massaget.kz материалында. 

Ол туралы не белгілі?

Димаш Ғабитұлы Досанов - 1981 жылы 2 қарашада Алматыда дүниеге келген. Ол  2016 жылдан 2022 жылға дейін "ҚазТрансОйл" АҚ-ны және Ұлттық баскетбол федерациясын басқарған еді. 

Қайда білім алды?

Димаш Досанов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша 

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "екі шет тілін меңгерген халықаралық қатынастар маманы" мамандығы, Тұрар Рысқұлов атындағы жаңа экономикалық университетінде "қаржы және несие" мамандығы бойынша тәмамдаған. АҚШ-тағы Джорджтаун университетінде "іскерлік әкімшілендіру" магистрі (MBA) дәрежесін алған.

Қайда қызмет етті?

Әлия Назарбаеваның бұынғы күйеуі Димаш Досанов еңбек жолын:

  • 2002 жылы Алматы Медеу ауданы әкімі аппараты жанындағы шағын және орта бизнесті дамыту қауымдастығының менеджері болып бастады.
  • 2004 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инновациялық саясат және жаңа технологияларды әзірлеу департаментінің жаңа технологияларды әзірлеу бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.
  • 2004-2006 жылдар аралығында "ҚазМұнайГаз" АҚ-да әртүрлі лауазымдарда: маман, әкімшілік бөлімінің бас маманы, бас директордың көмекшісі, ақпараттық технологиялар бөлімінің бас менеджері, басқару жүйесі бөлімінің аға инженері қызмет етті.
  • 2006-2010 жылдар аралығында "ҚазМұнайГаз" АҚ ірі мұнай-газ жобаларындағы қазақстандық қамтуды дамыту департаменті директорының орынбасары болды.
  • 2010 жылдан 2014 жылға дейін NCOC (North Caspian Operating Company) компаниясында бас менеджердің қызмет көрсету жөніндегі орынбасары, содан кейін қызмет көрсету жөніндегі бас менеджер болып жұмыс істеді.
  • 2014 жылғы қыркүйек пен желтоқсан аралығында "Қазақстан-Қытай құбыры" ЖШС бас директорының бірінші орынбасары, 2014 жылдан 2016 жылғы қаңтарға дейін бас директоры болды.
  • 2016 жылғы 15 қаңтарда "ҚазТрансОйл" АҚ Басқарма мүшесі болып сайланды.
  • 2016 жылғы қаңтарында "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
  • 2016 жылғы 6 тамыздан 2022 жылғы 15 қаңтарға дейін - "ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры - басқарма төрағасы болды.
  • 2017 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық баскетбол федерациясының президенті болып сайланды.
  • 2018 жылғы мамырда КҚК директорлар кеңесінің құрамына сайланды.

Әлия Назарбаева бұған дейінгі сұхбаттарында бұрынғы күйеуі Америка, Италияда білім алғанын, бірнеше шет тілін еркін меңгергенін айтты. Әлияның айтуынша, Димаш қарапайым отбасынан шыққан, ешкімнің көмегінсіз төменнен бастап, басшы дәрежесіне дейін көтерілгенін айтып тамсанды. 

Видео кадры

Димаш Досановтың отбасы туралы не белгілі?

Ашық дереккөздерде ол Нұрсұлтан Назарбаев құрметіне ода жазған қазақ жазушысы Сәбит Досановтың немере інісі екені көрсетілген. Сәбит Досанов бірінші Президентке арналған "Нұр-қаған" әнінің сөзін жазған.

БАҚ мәліметінше, Димаш Досановтың әкесі Ғабит Досанов те ауқатты кәсіпкер. Ол экономика құрылыс секторымен айналысатын бірнеше кәсіпорынның құрылтайшыссы ретінде тіркелген. Өкінішке қарай, Ғабит Досанов 2022 жылы көз жұмды. 

Ал Димаштың інісі Рустам Досанов Express Valuation Company ЖШС үлесіне ие. 2009 жылғы тамызынан бастап бұл компания өндірістік емес мақсатта тұрғын үй және басқа да жылжымайтын мүлікті сатып алу, сату және жалға беру бойынша делдалдық қызмет көрсетеді.

Әлия Назарбаевамен қалай танысты?

"Алғаш кездескенде мені мүлдем ұнатпайтындай көрінді. Ол мені ерке ханшайым деп қабылдаған секілді, маған тесіліп қарағаны сонша - зығырымды шығарды", - деді Назарбаева.

Әлия Назарбаева бұған дейін бұрынғы күйеуі Димаш Досанов қалай сөз салғанын айтты. 

Бәрі керемет болды. 8 наурызда мені мейрамханаға шақырды. Бірнәрсе ойластырып жүргенін сездім, себебі ол сол күні біртүрлі болып жүрген. Кешкі астан соң ол мені арнайы зала шақырды, онда раушан төгілген, романтикалық әуен ойнап тұрды, ал терезеден түнгі Алматы көрінді. Мен ештеңе ұқпай тұрғанжай кейіп жасадым, ал ол саусағыма сақина тағып, "Маған күйеуге шықшы" деді. Мен оны бірер сағат қинадым: білмеймін, мүмкін, асықпаймыз. Сосын берілдім", - деді Әлия Назарбаева.

Әлия Назарбаева Димаш Досановты әкесімен қалай таныстырды?

"Олар Гольф ойынының президенттік кубогі кезінде танысты. Димаш бұрыннан гольф ойнайды, сонда баруды жоспарлап жүрген. Бір күн бұрын кешке телефон соғылып, "Ертең осындай уақытта, осындай жерде Президентпен кездесесің" делінген. Ол қатты қобалжыды. Бірақ кездесу жақсы өтіп, қуанып қайтты", - деді ол сұхбаттарының бірінде.  

Еске салайық, әлеуметтік желіде Әлия Назарбаева ресми түрде күйеуімен ажырасып кеткені туралы ақпарат пайда болған еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек