Танымал продюсер Баян Мақсатқызы күйеуі Тұрсен Алагөзовті туған күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Баян Мақсатқызы күйеуіне "Алисаның & Алманың папасы, happy birthday. Я тебя люблю!", - деген жазбасы бар бенто торт сыйлаған.
Продюсер мұнымен шектелмепті.
"Мен күйеуіме не сыйласам екен деп көп ойландым. Ойлана келе, мына бұйымға тапсырыс бердім. Гауһартастары бар, алтыннан жасалған зергерлік бұйым. Бұл сені бәле-жаладан қорғайтын болады. Енді саған көз тимейді. Туған күніңмен құттықтаймын, сені жақсы көремін", - деді ол күйеуіне сыйлығын табыстап жатып.
Баян Мақсатқызы күйеуін үйде, балалар ұйықтаған соң шай ішіп отырып құттықтаған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!