- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алина Шадинова "Хиджаб...
Алина Шадинова "Хиджаб киіп, неге секс туралы айтасың?" дейтін сұраққа жауап берді
Сексолог Алина Шадинова журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында хиджаб киетін әйелдер туралы және Ислам мен секс туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"13 жас отау иесі деп босқа айтылмаған. Сексологияда 12 жасқа толған ер бала толыққанды, барлығы жетілген ер адам деп есептеледі. Әке болуға дайынсың деген сөз. Осындай месседж. Мысалы, жеңгетай деген бар. Қыз бала енді ғана ұзатылып келгенде оған түсіндіреді, айтып береді. Ол қыз әлі ештеңе білмейді ғой. Оған қорықпау үшін бәрін түсіндіреді", - деді ол.
Динара Сәтжан сексологтан "Бізде бәрібір Ислам мен секс тақырыбы бір-бірімен байланыспайтын сияқты" деп сұрады.
"Қызық сұрақ, шынымен неге? Өзімді байланыстырады. Бұған дейін де бұл сөзді жиі естідім. "Хиджаб киіп алып, неге секс туралы айтасың, ұялмайсың ба?" дейді. Бұл да гастроэнтеролог асқазан туралы, стоматолог тіс туралы айтқаны сияқты процесс қой. Мен мынадай статистиканы жасадым. Қазақстанда әр үшінші әйел бала кезінде тұрмыстық зорлыққа тап болған. Мұның бәрі зорлық болмауы мүмкін, сексуалдық сипаттағы тиісу болуы да мүмкін. Бала өзіне жаман нәрсе істегенін түсінген кезде "Мен бұрынғыдай емеспін, онша емеспін" деп ойлайды. Осыдан кейін ересек өмірде басқа проблемалар шыға береді. Өз мүшелерін қабылдай алмайды, оргазм кезінде ештеңені сезінбейді. Ол үшін бұл "фу" болып көрінуі мүмкін. Әр жыныстық қатынастан кейін бір проблемаға тап болады. 2020 жылы Instagram-да осы туралы жазып едім, қалай болғаны, не болғаны туралы бір күнде мыңдаған хат келді. Өкінішке қарай, өз ойымша, жыныстық тәрбие сауатты жасалмайды. Әйелдер зорлық туралы жазды. Ең қызығы, олар бұл туралы ешкімге айтпаған. Неге десеңіз, олар "Өзіме ұрысады" деп қорқады. Қазір бала "Мама, балалар қалай туылады?" деп сұраса, біреуі "А" дегенде аузымнан шықтың", "Қарбыз жедім, содан босандым" дейді немесе күліп, ұяла бастайды. Осыдан кейін бала зорлық көрсе, ол айта ала ма? Айта алмайды. Өйткені байланыс жоқ", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан