- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- заңгер кеңесі
Алимент төлеуші жалған жалақы көрсетсе жазалана ма?
Алимент төлемеу үшін азамат жалған жалақы сомасын көрсетсе жазалана ма? Заңгер Қуат Ауғанбек алимент төлеу шарттары жайлы түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол алимент төлеушінің жалған жалақы көрсетуі қылмысқа жататынын және оған қандай жаза тағайындалатынын айтты.
"Жалған жалақы көрсету бұл - жалған құжат көрсету болып есептеледі. ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабына сәйкес (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) келеді", - деп жауап берді заңгер.
Сондай-ақ маман егер бұл жағдай тергеу амалдарымен дәлелденетін болса екі мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатынын ескертті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Литпин