- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алимент мәселесі
Алимент төлемей жүрген үш жетісулықтың қарызы 20 миллионнан асып кеткен
Жетісу прокуратурасы алимент төлемеген борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап ете бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыс прокуратурасының үйлестіруімен алимент бойынша борышкерлермен қылмыстық қудалауға дейін белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.
Қадағалау органы кейбір борышкерлердің әкімшілік жауапкершілік шараларына мүлде мән бермейтінін және бірнеше рет жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, өз балаларын қамтамасыз ету үшін алимент төлеуден жалтарып жүргенін атап өтті.
Мысалы, алты борышкердің үш жылдан астам уақыт бойы сот шешімін қасақана орындамау салдарынан өз балалары алдындағы қарыздарының жалпы сомасы 20 миллион теңгеден асып кеткен.
Сол себепті прокурорлар оларға қатысты ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша балаларды және басқа да еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерін асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту сынды қатаң шараларды қолдана бастады.
Үшеуіне қатысты қылмыстық істер сотқа жолданылып, олардың бірі бойынша айыптау үкімі шығарылды және кінәлі адам сотталды. Қалғандары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жалпы, жыл басынан бері прокурорлар 30-дан астам балаға сот шешімімен тиесілі қаражаттарын алуға көмектесіп, қадағалау актілері бойынша олардың пайдасына 50 миллион теңгеден астам қарызды өндіріп берді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина