Ақмола облысының прокурорлары кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірде 83 млн теңгеден аса сома алимент өтелген. Осылайша, 299 баланың құқығы қорғалған.
"Қадағалау актілері бойынша алимент төлемейтін 82 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алимент міндеттемелерінен жалтарған 11 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр", - деп жазылған прокуратура хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін алимент төлемеген борышкер қамауға алынғаны хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!