Алимент төлемеген азаматтар жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін бе?

Азаматтардың алимент төлемеу мәселесі біздің елде өршіп тұр. 2023 жылдың қыркүйегіндегі мәлімет бойынша борышкерлердің қарызы 7 миллиард теңгені құрады. Ал жауапкершіліктен жалтарған азаматтар жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін бе? Massaget.kz тілшісі біліп көрді. 

Алимент төлемеген азаматтарға қарсы заңды қатаңдату ұсыныстары мәжіліс мінберінде бұған дейін де көтеріліп жүрген болатын. Тіпті алиментті 3 ай төлемесе ата-ана үш айға бас бостандығынан айрылады. Жағдай қайталанса, тағы да 90 күнге қамауға алынатыны айтылды. 

Ал заңгер Ғабит Өмірбек борышкерге бұрын берілген лицензиялар мен арнайы құқықтардың қолданылуын тоқтата тұру туралы сотқа ұсыныс жіберілсе ҚР азаматтық іс жүргізу заңнамасындағы тәртіппен қаралады екен. 

"Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңның 34-бабы 1-тармағына сәйкес алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша берешек жиналып қалған жағдайда борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданылуын тоқтата тұру туралы сотқа ұсыныс жібереді. Сот ұсынысты Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды. Сот орындаушысының ұсынысын қарау нәтижелері бойынша шығарылған сот ұйғарымының көшірмелері борышкерге және орындау үшін тиісті уәкілетті органдарға жіберіледі", - дейді заңгер Ғабит Өмірбек. 

Яғни, алименттен төлеуден бастартқан азаматтар жүргізуші куәлігінен айырылуы әбден мүмкін. Дегенмен бала кәмелет жасына толса, егер бұрынғы ерлі-зайыптылар баланы ерікті түрде күтіп-бағу туралы келісе алса алимент төлеуден босатылады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!