- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алимент төлемеген әйел...
Алимент төлемеген әйел бостандығынан айырыла жаздады
Павлодарда алимент төлемеген әйел бостандығынан айырыла жаздады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұрынғы ерлі-зайыпты арасындағы жанжалды сот орындаушылары шешті.
Павлодар облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының мәліметінше, өңір тұрғыны өз балаларына алимент төлемей қарыз болған.
"Сот орындаушысы екінші деңгейлі банктердегі қаражатқа, жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салу туралы қаулы шығарды. Борышкердің банк шоттарында қаражат болмаған, борышкер жұмыс істемеген, зейнетақы жарналары, жылжымалы және жылжымайтын мүліктері тіркелмеген",- деп жазылған хабарламада.
Борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қылмыстық жазадан құтылу үшін әйел алимент бойынша 4 530 803 теңге қарызын өтеген.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова