- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Алимент шартын жасастық"....
"Алимент шартын жасастық". Назым Қаһарман кезінде Бишімбаевпен қалай ажырасқанын айтты
Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желідегі парақшасында ажырасқаннан кейін балаларға қатысты міндеттерді қалай бөліскенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Назым Қаһарманға оқырманның бірі сұрақ қойған. Ол ажырасқаннан үш ай бұрын арада келіссөз жүргізілгенін жеткізді.
"Біз ресми ажырасқаннан үш ай бұрын мен келіссөздерді бастадым, суық және байсалды. Эмоциясыз, мен іштей барлығына келістім. Біз біреуді жақсы ата-ана болуға мәжбүрлей алмаймыз.
Іскерлік тұрғыдан, балалардың барлық шығынын көрсетіп, біз алимент шартын жасадық, ол қазір қолданыста. Ол құжатта кім не істейтіні және не үшін төлейтіні нақты жазылған. Әрине, ол түзетулер енгізді, кейбір жерлерінде мүлдем келіспеді. Бірақ бұл дұрыс! Осылайша біз мәмілеге келдік, екеуміз де түсіндік. "Жеңді-жеңді" стратегиясы өте сәтті", - деп жауап берді ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Шілде айында туған балаға қандай ат қоюға болады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә