- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алимент қарызы бар...
Алимент қарызы бар адам ақшасын құмар ойынға салған
Алимент қарызы бар адам ақшасын құмар ойынға салған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елорда прокуратурасы алимент төлеуден жалтарған борышкерлердің құмар ойындарына қатысуын анықтап, олардың қатысуына шектеуге бағытталған жаңа тәсілді енгізді.
Талдау нәтижесінде 150 борышкердің өз балаларына 350 млн теңге қарызы бола отырып құмар ойындарға қатысқаны анықталды.
Биылғы жылы алимент қарызы 2,5 млн теңгені құраған борышкерлердің бірі букмекерлік кеңсе арқылы 80 млн теңге жеке айналыммен құмар ойындарға қатысқан.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша жеке сот орындаушылары 150 борышкерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салды.
Бұл шектеудің жаңа түрі борышкерлердің ақшаны орынсыз жұмсауын болдырмайды.
2024 жылғы 9 қыркүйекте күшіне енген Қазақстан Республикасының "Ойын бизнесі туралы" Заңына сәйкес, елорда прокуратурасы ойын бизнесінің ұйымдастырушыларына борышкерлерді құмар ойындарға қатыстырмауға шақырады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина