Алика Мұхамадиеваға сот үкімі шықты

Алика Мұхамадиеваға сот үкімі шықты
Фото: ©️ Tengrinews.kz

Қарағандыда Threads желісіндегі жазбалары арқылы әлеуметтік, діни және ұлттық араздықты қоздырды деп айыпталған 23 жастағы кәсіпкер Алика Мұхамадиеваның ісі аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қарағандының Қазыбек би аудандық соты діни және ұлттық араздықты қоздырғаны үшін М.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот мәліметінше, 2025 жылы жазда М. Threads желісінде ұлттық, діни араздық пен өшпенділікке қатысты сөздер жазған.

Сот шешімі

Сот үкімімен М. ҚР ҚК-нің 174-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бірақ жазаны өтеу екі жылға кейінге қалдырылды. Бұған оның 2 жасар баласы бары негіз болған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget