- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әлихан Смайылов премьер-министр...
Әлихан Смайылов премьер-министр қызметіне тағайындалды
Әлихан Смайылов премьер-министр қызметінде қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Мәжіліс депутаттары Әлихан Смайыловтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Айта кетейік, Әлихан Смайылов былтыр қаңтарда премьер-министр қызметіне тағайындалған еді. Оған дейін 2015 жылдан бері Мемлекет басшысының көмекшісі қызметін атқарған болатын.
2009-2014 жылдар аралығында Қазақстан Статистика агенттігінің төрағасы болды. Осы күнге дейін екі рет қаржы министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Ал 2019 жылы Үкімет отставкаға кеткенге дейін қаржы министрі болды. 2019 жылы 25 ақпаннан бастап премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі қызметіне мақұлданды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек