Премьер-министр маңғыстаулық кішкентай Әлиханның тұсауын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында жүрген Үкімет басшысы өңір тұрғынының өтініші бойынша бір жасар Әлихан есімді бүлдіршіннің тұсауын кесті.
"Қазақы дәстүрмен немеремнің тұсауын кесуді жоспарлап жүр едім. Сәті түсіп, Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа баламыздың тұсауын кестіріп, жақсылыққа балап отырмыз", - деді Әлиханның атасы Қайыржан Ниязов.
Үкімет басшысы бүлдіршінге ақ жол, болашағының жарқын болуын тіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!