- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әлихан Смайылов...
Әлихан Смайылов мал өнімдерін ұлғайту үшін қанша бөлінгенін айтты
Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында мал өнімдерін ұлғайту үшін мемлекет тарапынан қанша бөлінгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мал шаруашылығы Қазақстан үшін ауыл шаруашылығының негізгі және дәстүрлі салаларының бірі. Сондықтан мемлекет тарапынан салаға елеулі түрде қолдау көрсетіліп келеді. Мал басын және мал өнімдерін ұлғайту үшін биыл 108 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл шаралар мал басы мен құс санының өсуіне, мал шаруашылығы өнімдері өндірісіне оң әсерін тигізеді. Нәтижесінде осы салаға салынған инвестиция көлемі ұлғайып, былтыр 67 пайызға өсіп, 100 миллиард теңгеден асты. Мал шаруашылығы саласының әлеуметтік бірқатар өнімі бойынша импортқа тәуелділік айтарлықтай төмендеді", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек