Әлихан Смайылов бұрынғы қызметін сақтап қалды

Әлихан Смайылов бұрынғы қызметін сақтап қалды
Фото: gov.kz

Әлихан Смайылов бұрынғы қызметін сақтап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Әлихан Смайылов туралы не белгілі?

Ол 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін қолданбалы математика мамандығы бойынша, ал 1996 жылы КИМЭП-ті бітіріп, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 1993-1995 жылдары "A-Invest" инвестициялық және жекешелендіру қорында бас маман болып бастаған.

1996 жылы Ұлттық статистика агенттігінде басқарма басшысының орынбасары, кейін басқарма басшысы қызметін атқарды. 1998 жылы Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік жанындағы Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары болды.

1998-1999 жылдары Президент әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарып, бөлімнің экономикалық секторын басқарды. 1999-2003 жылдары Статистика агенттігінің төрағасы қызметін атқарды.

2003 жылы сыртқы істер министрінің орынбасары болды. 2003-2006 жылдары "Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

2006-2007 және 2008-2009 жылдары қаржы министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2007-2008 жылдары "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ президенті қызметін атқарды.

2009 жылы Статистика агенттігі төрағасы қызметіне қайта тағайындалып, бұл лауазымды 2014 жылға дейін атқарды. 2014-2015 жылдары Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2015-2018 жылдары Президенттің көмекшісі болды. 2018 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы ақпанға дейін қаржы министрі қызметін атқарды.

2019 жылғы 25 ақпанда премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі болып тағайындалды.

2022 жылғы қаңтардан 2024 жылғы ақпанға дейін премьер-министр қызметін атқарды.

2024 жылғы 1 сәуірде Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы болып тағайындалды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget