Әлихан Байменов жаңа лауазымға ие болды

Қазақстанның Тоғызқұмалақ спорты федерациясының президенті болып Әкім Тұрсын сайланды. Ал бұған дейін республикалық федерацияны басқарған Әлихан Байменов ұйымның Құрметті президенті болып бекітілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Әлихан Байменов Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы президенті қызметін жалғастырады", - деп жазылған ақпаратта.

Айта кетейік, Әлихан Байменов республикалық федерацияны 2004-2025 жылдар аралығында басқарды.

Әлихан Байменов туралы не белгілі?

Әлихан Байменов бұған дейін Үкіметте жауапты қызметтер атқарған. Ол - 2014 жылғы қыркүйектен бастап Астана мемлекеттік қызмет хабы (ACSH) басқарушы комитетінің төрағасы.

Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Байменовпен кездесіп, бірқатар тапсырма берді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!