Әнші Әли Оқапов пен Assyl тобының солисі Ақерке Бүркітбай ұлдары Зейіннің бесік тойынан отбасылық суреттерді бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жұлдызды жұп парақшаларында қуанышты шара туралы айтпағанымен бесік тойдан суреттерді Ақеркенің жақындары бөліскен.
Ақерке Бүркітбай қуанышына ортақтасып келген жақындарына алғыс айтқан. Отбасылық суреттерде әнші Роза Рымбаеваны да байқауға болады.
Роза Рымбаеваның тұңғыш немересінің қуанышына халық әртістері мен эстрада жұлдыздары жиналған.
Еске салайық, 22 ақпанда әнші Әли Оқапов әке атанғанын растаған болатын. Себебі бұл ақпаратқа қатысты бұған дейін Әли де, Ақерке де пікір білдірмеген болатын. Сонымен қатар, Оқапов эксклюзив сұхбат беріп, ұлының есімін Зейін деп өзі қойғанын айтқан еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!