- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әли Оқапов: “Анам...
Әли Оқапов: “Анам туралы фильм түсіргім келеді“
Танымал әнші Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқапов анасының өмірі мен шығармашылығы туралы фильм түсіргісі келетінін, бірақ бұл жобасы Ұлттық қордың іріктеуінен екі рет өтпей қалғанын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әли Оқапов қолға алған фильмнің жобасын "Ұлттық киноны қолдау қорына" ұсынған екен. Алайда осымен екінші жыл іріктеуден өтпей қалыпты.
"Болашақта анам жайлы биографиялық драма түсіргім келеді. Бұл жобамен айналысып жүргеніме бірнеше жыл болды. Әзірге, өкінішке қарай, жолымыз болмай жүр. Өйткені оны жасау үшін қолдау керек. Менің ойымша, анамның өмір жолы мен өнер жолы кино ретінде шығуға әбден лайық", – деді ол.
Жобаны қабылдамай жүрген ұжымға өнер иесінің өкпесі де бар сияқты.
"Біз жобаны "Ұлттық кино қолдау қорына" ұсындық, бірақ, өкінішке қарай, екі жыл қатарынан іріктеуден өтпедік. Оған не себеп болғанын білмеймін", – деді Әли Оқапов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева