Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов (23-1, 17 КО) Калифорнияда өткен бокс кешінде жеңіске жетті. Ол америкалық Малкольм Джонсты (17-5-1, 10 КО) нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды massaget.kz.
Он раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Алидің жойқын соққыларынан кейін ес жия алмай қалған қарсыласын көрген төреші кездесуді тоқтатты. Осылайша, отандасымыз қарсыласын уақытынан бұрын жеңіп шықты.
Әли кәсіпқой бокстағы 23-ші жеңісіне қол жеткізді. 1 рет жеңілген. 2020 жылы эквадорлық Карлос Гонгораға нокаутпен есе жіберген еді.