"Алғашқы кезде "Узарт" болды". Жанатбек Бәйтеков "Музарт" тобының атауына қатысты қызық дерек айтты

Танымал актер, продюсер Жанатбек Бәйтеков "Музарт" тобының атауына қатысты қызық дерек айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасына берген сұхбатында айтты. 

Актер алғашында топты театр етіп құрғысы келген.

"Студент күнімізде Мейрамбек, Сәкен, Мақсат төртеуіміз театр құрғымыз келді. Бірақ әнге бүйректері бұрғасын, ән салып шығуды жөн көрді. Қазір Музарт - қазақ эстрадасының шыңы. Қаншама азамат топ құрып, өнерге қадам басып жатыр. Әлі есімнен кетпейді, Сәкен тәжіктердің "Арон" деген кафесінде ән айтатын. Сол жерде мини-дискіні қосып, Музарттың әндерін қонақтарға тыңдатамыз. Өзіміз сыртынан бақылап отырамыз. Жұрттың қалай қабылдайтыны қызық болатын. Елдің ықыласы ерекше болды. Қайта-қайта әндері қойылып жатты. Халық мені топтың продюсері деп ойлайды. Ал жігіттердің өзінен "Музарттың бағын жаққан Жанатбек па?" деп сұраңыздар", - деді ол.  

Жанатбек Бәйтеков топтың атауына қатысты қызық дерек айтты. 


 "8 ай бойы топтың аты қойылмады. Өте көп іздедік. Сағаділдә Үсібәлі деген актер"қазақ-түрік" сөздіктерін ақтарды. Ол кезде "сенің жұмысың, менің жұмысым" деген болмайтын. Бәріміз бірігіп жасайтынбыз. Алғашқы кезде "Узарт" болды. "Уз" сөзі паң, кербез сыпайы деген мағынаны береді. Одан кейін алдына "М" әріпін қосып, "Музарт" деп бекіттік. Музыканың биік шыңы болсын деген ниетпен қойған едік, топ әлі күнге дейін өнер көрсетіп келеді", - деп түйіндеді актер. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!