“Алғашқы және соңғы адам емес“ - СІМ Сабуровтың жағдайына қатысты

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтың айтуынша, ол - Қазақстан Республикасының азаматы.

"Ресей Федерациясы оған қатысты мұндай шешім қабылдаса, бұл - сол елдің ішкі шешімі және сол елдің заңнамасына сәйкес реттеледі. Сондықтан басқа бір мемлекет қандай шешім қабылдайтынын түсіндіріп, пікір білдіру қиын. ...Меніңше, ол қандай да бір уақытқа белгілі бір елге кіруге тыйым салынған алғашқы және соңғы адам емес", - деді ол Мәжіліс дәлізінде.

Айта кетейік, бұған дейін әзілкеш Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны туралы ақпарат тарады. Мәліметке сүйенсек, бұл шешім "ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін" қабылданған. 

Сонымен қатар, оның Алматыға келгені айтылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!