Бүгін таңертең Алматыдағы N387 учаскесіне дауыс беруге бірінші болып келген адам халықтың референдумға деген қызығушылығы мен белсенділігін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл күн Қазақстанның энергетикалық болашағын айқындайтын маңызды оқиғалардың бірі.
47 жастағы Гүлнұр Жұмабаевна медбике, бірақ бүгінгі таңда еліміздің болашағы үшін өз дауысын беруге алғашқылардың бірі болып келді
“Мен дауыс беруді өзімнің азаматтық міндетім деп білемін. Елдің болашағы әрқайсымыздың қолымызда" дейді.
Қазіргі уақытта сайлау учаскелеріне адамдар ағылып келіп жатыр. Қазақстан халқы ел болашағы үшін шешім қабылдап жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!