- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Алғашқы бейнебаянымды түсірді"....
"Алғашқы бейнебаянымды түсірді". Танымал әнші күйеуімен қалай танысқанын айтты
Фото:
Фотоколлаж
Әнші Yenlik жолдасымен қалай танысқаны туралы "7 арнаға" берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, жолдасымен бейнебаян түсіргеннен кейін танысқан.
"Күйеуім - оператор. Ол менің "Бипыл" деген әнімнің бейнебаянын түсіріп берген болатын. Содан кейін таныстық. Осы жылы көп саяхаттадым, жақсы өзгерістер болды. Келесі жылы альбом жазып, бітіргім келеді", - деді ол.
Әнші жолдасына керемет сыйлық дайындағанын айтты.
"Жаңа жылда жолдасыма екеуміздің видеоларымыз қосылып тұратын арнайы сыйлық жасадым. Жолдасым романтик болғандықтан, ол керемет сыйлық береді деп ойлаймын. Дәл қазір ештеңе айта алмаймын", - деді әнші.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы