Владивосток қаласында Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті жобалау және салу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құжатқа "Қазақстан атом электр станциялары" ЖШС және "Росатом" мемлекеттік атом энергиясы корпорациясының еншілес кәсіпорны - "Атомстройэкспорт" АҚ өкілдері қол қойды.
"Келісімшартқа қол қою Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы жаңа практикалық кезеңге өткенін білдіреді", - деп жазылған Атом энергиясы жөніндегі агенттік хабарламасында.
28 мамырдағы үкіметаралық келісімге сәйкес тараптар белгіленген рәсімдерді, соның ішінде Қазақстан Үкіметімен келісімді жүзеге асыруға кіріседі.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда алғашқы атом электр станциясының құрылысын 2027 жылы бастау жоспарланып отырғаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова