Алғашқы АЭС атауына байқау басталды

Қазақстанда алғашқы АЭС атауына байқау басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сауалнама eGov Mobile қосымшасында жүргізіледі. Ұсыныстар 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін қабылданады. 

Айта кетейік, жуырда комиссия мүшелері ұйымдастыру мәселелерін қарастырып, жалпыұлттық байқау өткізу ережелерін бекітті:

  • 25 қыркүйек - конкурстың басталуы туралы ресми хабарландыру;
  • 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін - eGov Mobile қосымшасы арқылы ұсыныстарды қабылдау;
  • 11-20 қазан аралығы - ұсыныстарды талдау;
  • қазанның аяғына дейін АЭС-тің үздік атауын анықтау.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Үлкендегі АЭС-ке атау беру бойынша байқау жариялауды ұсынды.      

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!