Қазақстанда алғашқы АЭС атауына байқау басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сауалнама eGov Mobile қосымшасында жүргізіледі. Ұсыныстар 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін қабылданады.
Айта кетейік, жуырда комиссия мүшелері ұйымдастыру мәселелерін қарастырып, жалпыұлттық байқау өткізу ережелерін бекітті:
- 25 қыркүйек - конкурстың басталуы туралы ресми хабарландыру;
- 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін - eGov Mobile қосымшасы арқылы ұсыныстарды қабылдау;
- 11-20 қазан аралығы - ұсыныстарды талдау;
- қазанның аяғына дейін АЭС-тің үздік атауын анықтау.
Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Үлкендегі АЭС-ке атау беру бойынша байқау жариялауды ұсынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова