- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Алғаш рет тойда...
"Алғаш рет тойда көрдім". Әнші Айқын Төлепберген Жұлдыз Өмірғалимен таныстығы туралы ерекше оқиғамен бөлісті
Танымал жұлдызды жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали "Жарқын жүздесу" бағдарламасында қалай танысқанын айтты , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айқын Төлепберген Жұлдызды алғаш тойда байқағанын айтты.
"Топқа енді келгенде Жанар Дұғалова мен Кәмшат Жолдыбаеваның қасында бұл қыз көрінбей тұрды. Себебі енді келген еді. Оның үстіне ұяңдық бар, әрі 19-да болды. Бірде Батырхан Шүкеновтің концертінде екеуміз ән айтқан екенбіз. Оны кейін білдік. Ал жалпы Шымкентте алғаш рет тойда байқадым. Себебі бір жылдың ішінде өзгеріп кеткен. Сол үшін Баян Мақсатқызына рахмет!", - деді Айқын Төлепберген.
Жұлдыз Өмірғали бұл топтың кастингіне аяқ астынан келгенін атап өтті.
"Алғашқы құрамда Кәмшат Жолдыбеава мен Айдана Меденова болды. Оған дейін қарапайым сатушы, сосын әлеуметтік қызметкер болып екі жұмыс істеп жүрген едім. Негізі мен KeshYOU тобына емес, "Лашын" тобына кастинг болған кезде бардым. Тіпті, өзімді мұндай жерге лайық санамадым", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы