Алматыда Балаларды қорғау күні «Тиыннан теңге құрайтын бала» кітабының тұсаукесері өтті (түпнұсқа атауы – «The Opposite of Spoiled: Raising Kids Who»). New York Times колумнисі Рон Либер жазған кітап балаларға қаржы сауаты бойынша нұсқаулық ретінде пайдалы болмақ. Кітапты қазақ тіліне бейімдеуге Jusan және Steppe and World кітап баспасы бастамашы болды. Қазір үш мың данасы шығып, оның екі мыңы тегін таратылады.
Jusan Bank басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов. Фото Роман Либерчук.
New York Times бестселлері балаларға ақшамен қарым-қатынас дағдыларын үйреткісі келетін ата-аналар мен тәрбиешілерге пайдалы болады. Оқырман әртүрлі табыс деңгейлері бар нақты отбасылар мысалында балалардың қаржы, жинақ және сатып алу туралы ойға қонымды шешім қабылдау қабілетін қалай дамыту керегін үйренеді.
Бұл бастама туралы Jusan Bank басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов пікір білдірді:
«Қазақстанның адами капиталын дамыту – біздің басты миссиямыз. Осы мақсатқа жету үшін өскелең ұрпаққа қамқор бола білуіміз керек. Менің ойымша, ерте жастан бастап қаржылық тәртіпті тәрбиелеу – табысты өмірге дайындықтың негізгі элементі.
Елде қаржы сауатын дамытуға бағытталған көптеген бастама бар. Jusan-да қаржы туралы күрделі терминологияны қолданбай, қарапайым және түсінікті тілде сөйлеуге тырысамыз. «Тиыннан теңге құрайтын бала» кітабын дәл осылай жасағанымызды мақтан тұтамыз, өйткені қазір қазақ тілінде қаржы туралы сапалы ақпарат жетіспейді. Кітап балалардың білімі мен дамуына маңызды үлес қосады. Оларға ақшаны бағалай білуді, ойлы шешімдер қабылдауды және қаржы сауатын дамытуды үйретеді. Бұл қазақстандық отбасылар үшін құнды ресурс болатынына, балалардың салауатты қаржы әдеттерін қалыптастыруға көмектесетініне және бүгінде алаяқтар жиі қолданып жүрген ақпараттық вакуумды жоятынына сенімдімін».
Фото Роман Либерчук
Jusan Invest-тің қаржы сауатын дамыту бастамасы әртүрлі шараны қамтып отыр. Мәселен, 2019 жылдан бастап Jusan Academy тегін инвестициялау академиясы жұмыс істейді. Ересектер мен балаларға қаржы және инвестиция негіздерін зерттеуге бағытталған білім беру материалдары бар. Білім беру мекемелерімен орнатылған ынтымақтастық аясында «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» 22-сінде оқушыларға қаржы сауатынан қосымша пән енгізілді.
Нұрдәулет Айдосов бренд болашақта білім беру саласында әлі де көптеген шара жоспарлап отырғанын атап өтті:
«Қазақстан – дамып келе жатқан қор нарығы бар жас ел. Біз қоғамымыздың қажеттіліктерін ескеретін мүмкіндігінше көп қаржылық білім беру бағдарламаларын іске қосқымыз келеді. Жобаларды енгізуді және оларды заманауи трендтерге бейімдеуді жалғастырамыз. Біздің мақсатымыз – барлық азамат қаржы сауаты бойынша қажетті білім ала алатын жағдайлар жасау. Сонымен қатар, банк ата-аналар мен балаларға ерекше тосынсый дайындайды. Бұл – нарықта теңдесі жоқ Jusan Family өнімі. Бұл ата-аналарға баласының шығынын тиімді және қауіпсіз бақылауға мүмкіндік береді және қаржы сауатын дамытуға көмектеседі, ал балаларға карталар, керемет мотивациялық функциялар мен дизайн ұсынылады».
Қаржы сауаты қаржылық дағдыларды үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар, жеке тұлғаның мінезі мен қасиеттерін дамытуға ықпал етеді. Бүгінгі заманда балалармен ақша туралы сөйлесу өте маңызды. «Тиыннан теңге құрайтын бала» кітабы ата-аналарға өмір бойы пайдалы болатын негізгі мінез-құлық пен ақшаға деген көзқарасты қалыптастыру үшін ашық болуға және балалармен қаржы туралы сөйлесуге көмектеседі.
Фото Роман Либерчук