2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 54 мың отбасындағы 290,6 мың адамға 30,3 миллиард теңге сомасында тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 98,4 миллиард теңге қарастырылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, АӘК мыналарды көздейді:
Ведомство мәліметінше, қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ, Электрон үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!