- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әлеуметтік медициналық сақтандыру...
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылары жазаланды
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүргізілген мемлекеттік аудит кезінде басшылық құрамның өкілдері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ мен оның өңірлік филиалдарының басшылық құрамының 11 лауазымды тұлғасы мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жоғары аудиторлық палата Қорда жүргізілген тексеру шараларын биыл шілдеде аяқтады. Нәтижесінде, ҚР-ның бюджет және өзге де заңнамалары бойынша, сондай-ақ ұйымның ішкі нормативтік құжаттарынан бұзушылықтар анықталды.
Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі мен ӘМСҚ басшылығына лауазымды адамдардың жұмысты тиісінше ұйымдастырмағаны және жіберілген бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тарту тапсырылды.
Қорытынды бойынша ӘМСҚ мен оның өңірлік филиалдарының басшылық құрамының 11 өкілін, оның ішінде Қордың басқарма төрағасының бір орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданды.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша нұсқаманың басқа тармақтарының орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина