Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында кадрлық өзгерістер болды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында (ӘМСҚ) басқарма төрағасының екі жаңа орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

30 қаңтарда ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасарлары қызметіне Бақытжан Абдуллаев пен Индира Ерденова келді. Олар Светлана Пономарёва мен Жұлдыз Рамазанованы алмастырды.

Қордың ресми мәліметіне сәйкес Бақытжан Абдуллаев денсаулық сақтау саласында ұзақ жыл еңбек еткен. Ол еңбек жолын Астанадағы №1 қалалық ауруханада санитар және акушер қызметінен бастап, кейін дәрігер-трансфузиолог, хирург болып жұмыс істеген, бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. Сондай-ақ, осы медициналық мекемеде бас дәрігердің орынбасары болған.

2023 жылдан бері Шымкентте Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.

Индира Ерденова Қаржы министрлігі жүйесінде еңбек еткен. Ол борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетте және Қазынашылық комитетінде түрлі қызмет атқарып, ішкі сатып алулар мен активтер департаментінде басшылық лауазымдарға дейін өскен. Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитетінің цифрландыру департаментінің директоры болған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!