ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі әлеуметтік қордан қазақстандықтарға 50 мың теңге төленетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 1949-1998 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына осы жылдың 26 маусымынан бастап белгісіз әлеуметтік қордан 50 000 теңге аударылатыны туралы ақпарат таралуда. Қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.
"Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз", - деді министрлікте.
Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.
Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!