Дәрігер Хуан Мануэль Фелисес әлеуметтік желілердің миға әсерін айтты. Ол бұл ескертуді Infosalus басылымына берген сұхбатында мәлімдеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Домфаминді үнемі әлеуметтік желілер арқылы тұтыну ләззат сыйлайтын басқа істерден бас тартуға итермелейді. Сонымен қатар, денсаулыққа пайдалы әрекеттермен айналысуға деген ынтаны төмендетеді", – деп түсіндірді Фелисес.
Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде күніне бес сағаттан көп уақыт өткізетін жасөспірімдерде депрессия басқа құрдастарына қарағанда үш есе жиі кездеседі. Ал ересектерде интернетте ұзақ отыру өмірге қанағаттану деңгейінің төмендеуімен байланысты.
Фелисестің айтуынша, миды дофаминмен тұрақты түрде "бомбалау" салдарынан бір уақыттан кейін бұл үдерісті тежейтін механизмдер іске қосылады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!