- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әлеуметтік желідегі танымал...
Әлеуметтік желідегі танымал қазақстандық қайырымдылық қорлары
Қайырымдылық - адам бойындағы ерекше әрі ізгі қасиеттердің бірі. Адамның айналасындағыларға шын ниеті мен көмегіне қарап, оның адамгершілігін жоғары бағалауға болады. Қазақ халқы ертеден баланы жастайынан қайырымды, мейірімді және адал болуға баулып өсірген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бір сөзінде "қайырымдылық – адамның бала кезінен бойға сіңетін қасиеті" деді. Жаныңыздағы адамға, мұқтаж жанға, табиғатқа, жан-жануарларға қамқор болу - қайырымдылықтың белгісі.
"Көп түкірсе - көл", "көппен көтерген жүк жеңіл" демекші, әрбір адамның бөлген азғантай қаражаты қандай да бір мұқтаж жанды үлкен сыймен қуанта алады. Қазіргі таңда елімізде қайырымдылық қорлары аз емес. Олар көптеген мұқтаж отбасыларды қуантып келеді. Заманға сай қайырымдылық қорлары да көпшілікті жақсылық жасауға шақыру үшін әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланады. Ендеше, әлеуметтік желіде танымал 5 қайырымдылық қорды ұсынуды жөн көрдік.
"Asar-Ume" қайырымдылық қоры
Халқымызда ежелден келе жатқан "Асар" деген дәстүр бар. Бұл дәстүр бойынша, туған-туыстар, достар немесе көршілер қиындыққа тап болған адамдарға немесе отбасыларға қайтарымсыз көмек көрсеткен. "Asar-Ume" қайырымдылық қоры осы дәстүрді қайта жаңғыртуды қолға алған. Әр адам жағдайына қарай қол ұшын созса, ортақ күшпен қиналып жүрген адамға көмектесуге болады.
"Харекет" қайырымдылық қоры
"Харекет" қайырымдылық қорының мақсаты - жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, тұрмыс жағдайы нашар отбасыларға тұрғын-үй мәселесімен көмектесу. Өткен жылы "Харекет" қайырымдылық қоры 291 отбасыға көмектескене. Олар 5 жыл ішінде 1000-нан аса отбасыға үй сыйлаған. Бұл қор оның құрылтайшысы, "Өнер қырандары" театрының директоры Мадияр Серікбаев арқылы танымал десек қателеспейміз. "Харекет" қоры әдетте мұқтаж жандарға баспананы әлеуметтік желіде танымал өнер иелерімен немесе блогерлермен бірге барып табыстайды.
"Халық" қайырымдылық қоры
"Халық" қайырымдылық қоры өзекті әлеуметтік мәселелерді шешіп, халықтың өмірін жақсартуға ат салысып жүр. Қор 2016 жылы құрылған. Ол - қайырымдылыққа бөлінген қаражат көлемі бойынша еліміздегі жетекші қорлардың бірі. Қор өз қызметін бастаған уақыттан бастап бүгінгі күнге дейін 85 миллиард теңгеден астам сомаға қайырымдылық көмек көрсеткен. "Халық" қайырымдылық қорының жұмыстарын ел әлеуметтік желіде бақылап отыр.
"Dauletten" қайырымдылық қоры
"Dauletten" қайырымдылық қоры ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, блогер, қоғам белсендісі, экономист Дәулет Төлеутайұлының бастамасымен құрылды. Ол 2020 жылы 14 мамыр күні ресми түрде ҚР Әділет министрлігінде тіркелген. Қор әлеуметтік санаттағы мұқтаж жандарға көмектеседі және білімді жастарға қолдау көрсетеді. "Dauletten" қайырымдылық қоры арқылы барлығы 72 баспана сатып алынды. сондай-ақ бұл қордың "бБала-шағамен ауылға" атты жобасы бар. Ол арқылы көшкен 5 отбасыға 10 сиыр, 10 бұзау сатып алынған. Отбасыларға 1 жыл бойы 42 500 теңге көлемінде қаржылай көмек те көрсетілген. Сонымен қатар "Dauletten" қайырымдылық қоры бірнеше жанның ота жасауына да қол ұшын созды. Бұл қор әлеуметтік желіде белсенді.Оның оқырмандары қажет қаражатты жылдам жинап тастайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жапатова