Әлеуметтік желідегі жазбасы үшін көкшетаулық сотталды
Көкшетауда әлеуметтік желіде діни алауыздықты насихаттағаны үшін тұрғын 3 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық сотқа сілтеме жасап.
И. атты Көктешау тұрғыны Facebook-тегі жеке парақшасында діни алауыздықты қоздыруға бағытталған постар мен бейнеролик жариялаған.
Сот оның бұл әрекетін Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі бойынша саралады.
Айыпталушының кінәсі әлеуметтік желідегі жазбаларымен, куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптама нәтижесімен және істің басқа материалдарымен расталды.
"Судья көкшетаулықтың жас балалардың болуын және соттылығының жоғын ескерді әрі оның кінәсін ауырлататын жағдай анықталмады. Сот үкімімен И. 3 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп жазылған хабарламада.
Сот актісі заң күшіне енген жоқ.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz