Әлеуметтік желіде мектеп оқушысының петарда жағып 3 саусағынан айырылған жантүршігерлік суреті тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл бейнежазба novosti_issyka парақшасында тарады. Онда кішкентай баланың қолының екі саусағы жұлынған бейнесі көрсетілген. Желі қолданушыларының басым бөлігі адам өміріне қауіп төндіретін тауар сатқан кәсіпкерлерді кінәлап, баланың тезірек сауығып кетуін тілеген.
Ал бейнежазба мәтінінде: "Құрметті ата-аналар, бүгін тура бір сағат бұрын оқыс оқиға болды. Үйге қайтып келе жатқан мектеп оқушысы жаңа жылдық жарылғыш затты жағып 3 саусағынан айырылды. Бала қорыққанынан қозғала алмай қалды. Баланының жанынан өтіп бара жатқан адам оны үйіне апарды. Олар оның жұлынып түскен саусақтарын да таба алмаған. Балаларды бақылаңыз", - деп жазылыпты.
Алайда парақшаның иелері: Бұл оқиға қашан, қайда болған? - деген біздің сұрағымызға жауап бермеді. Ал бейнежазба кеше сағат 17:00 шамасында жарияланыпты.
Алматы облысы білім басқармасы бұл оқиғаның қайда болғанын анықтай алмады. Ал Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл жағдай "Алматы қаласында" болмаған деп қысқа қайырды.
"Бұл биылғы жылғы оқиға болмауы мүмкін деген болжам бар. Біз Алматы қаласы Білім басқармасымен бірге мәліметті анықтап көруге тырыстық. Алайда құзырлы органдар мұндай шағымның түспегенін айтты", - делінген Алматы қаласы баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, біз бұған дейін жаңа жылда отшашу атқандарға қанша айыппұл салынатыны туралы жазған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!