Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілерге қатысты деп таратылып жатқан видео жалған болып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Nofake.kz порталына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желідегі видео
Кадрларда белгісіз жүк тасымалданып жатқанын көрінеді. Видеоны таратқан қолданушылар оны Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғамен байланыстырып көрсеткен.
Тексеріс барысында не анықталды?
NoFake.kz порталының Дезинформациямен күрес орталығымен бірлесе жүргізген тексерісі бұл жазбаның шындыққа жанаспайтынын көрсетті.
"Түпнұсқа бейнежазбаны талдау барысында оның TikTok-та 2024 жылғы 19 тамызда - қыркүйекте болған қайғылы оқиғадан әлдеқайда бұрын жарияланғаны анықталды. Бастапқыда видеоны @abenov__01 қолданушы жүктеген. Кейіннен түпнұсқа жазба өшірілген, алайда 9 қыркүйекте видео @bauka.kz091 деп аталатын басқа аккаунтта қайта пайда болды", - делінген мақалада.
Басылымның жазуынша, қайғылы оқиғадан кейін ескі видео әлеуметтік желілерде қайта тарап, бұл жолы "қаза тапқан әскери қызметшілердің денесі тасымалданып жатыр" деген мазмұнда ұсынылған.
Бұл жаңсақ пікір қалыптастырады. Өйткені видео Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан бұрын түсірілген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz