Әлеуметтік желіде дінді заңсыз насихаттағандар жауапқа тартылады. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайыловтың мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, интернет-кеңістікте жүйелі түрде діни экстремизмнің алдын алу және қарсы насихаттау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
"Контентті анықтау мақсатында тұрақты негізде интернет-кеңістікке мониторинг жүргізіледі. Діни тақырыптағы құқыққа қайшы және резонанстық материалдарға ден қоюға көмектесетін "Кибернадзор" ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Жұмыс нәтижесінде 97 мыңнан астам деструктивті сипаттағы сілтемелер бұғатталды. Қазақстандық қолданушылар үшін 248 материалға қолжетімділік бұғатталып, ал 2971 материал жойылды", – деді Әлихан Смайылов.
Сондай-ақ Үкімет бамшысы жылдың басынан бері желілерде экстремистік материалдарды таратқаны үшін 70-ке жуық адам әкімшілік жауапқа тартылғанын атап өтті.
Жасұлан Ордабаев
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!