- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әлеуметтік желі арқылы...
Әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттаған тұрғын ұсталды
Фото:
ҰҚК баспасөз қызметінен
Абай облысының тұрғыны терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және полициямен Абай облысының тұрғынын ұстады. Ол терроризмді әлеуметтік желі арқылы насихаттады деген күдікке ілінді.
Фото: ҰҚК баспасөз қызметінен
Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина