- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әлемнің ең үздік...
Әлемнің ең үздік шахматшысы қазақстандық Әлішер Сүлейменовті "қулық жасады" деп айыптады
Әлемдегі ең үздік шахматшы Магнус Карлсен қазақстандық Әлішер Сүлейменовтен жеңілген соң, әлеуметтік желіде бірнеше жазба қалдырды. Ол қазақстандықты "қулық жасады" деп айыптады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шахматшы бұл ойын Twitter-парақшасында бөлісті.
"Бүгін мен ойында жеңілдім. Керемет ойын көрсеткен және жеңіске лайық болған қарсыласымды кінәлағым келмейді. Бірақ шынымды айтсам, ойын басында оның қолындағы сағатты көргенде зейін қоя алмай қалдым.
Мен бұл мәселені дұрыс шеше алмағаным үшін жауапкершілікті өз мойныма алатыным анық, бірақ ұйымдастырушылардың әлі күнге дейін алаяқтықпен күресуге қауқарсыз екенін көру қынжылтады.
Ойын барысында мен төрешіден сағаттарға рұқсат бар ма деп сұрадым, ол аналог сағаттарға емес, ақылды сағаттарға тыйым салынғанын түсіндірді. Бұл осы деңгейдегі FIDE-дің ережелеріне қайшы келетін сияқты"- дейді Магнус.
Айта кетейік, бұл 32 жастағы норвегиялық "чемпионның" алғашқы жанжалы емес. 2022 жылы да осындай жағдай болған. Ол сол кезде 19 жастағы шахматшы Ханс Ниманды айыптады.
Еске салайық, қазақстандық Әлішер Сүлейменов әлемнің ең үздік шахматшысы Магнус Карлсенді жеңген еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек