- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әлемнің ең қарт...
Әлемнің ең қарт адамы қайтыс болды
Фото:
theuniq.net
Әлемдегі ең қарт адам – жапон қариясы Канэ Танака дүниеден озды. 119 жасында.
Жапон басылымдарының жазуынша, қария – екі дүниежүзілік соғысты, жапонның бес бірдей императорын көзбен көрген жан екен.
Қарияның өзі Фукуока қаласының маңында тұрған. Газдалған сусын мен шоколадты жақсы көрген. 2019 жылы Дүниежүзіндегі ең қарт адам деп танылған.
Сол жылы Гиннес рекордтар кітабына енген. Канэ қария Жапонияның өзінде де ең қарт адам деп танылған екен.
Жақында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, ардагер атанған 106 жастағы грузин қариясы да қайтыс болған еді. Есімі – Самсон Варданович Оганесян. Қария жас күнінде Украинаның Полтава түбінде шайқас екен. Соғыстан оралған соң, Ахалкалаки қаласында басшылық қызметтерде болған.
Қ. Слямбек