Қазнетте Дэвид Рокфеллер айтқан дәйексөз тарады. Ол XXI ғасырда билікке ие болу үшін телеарналар сатып алып, олардың көмегімен құлдар тәрбиелеу керек деген екен. Алайда Stopfake.kz бұл шындыққа сәйкес келмейтінін дәлелдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Басылым мәліметінше, Дэвид Рокфеллердің осылай айтқанына ешқандай дәлел жоқ. Бұл дәйексөзді Желіде ағылшын тілінде іздегенде ештеңе табылмаған.
Дәйексөздер топтастырылған сайтта Дэвид Рокфеллердің телеарналарды сатып алып, құлдар тәрбиелеу туралы сөзі жоқ.
Rockefeller Group меншігінде бірнеше медиа, соның ішінде телеарна бары белгілі. Алайда, бұл активтердің барлығы 1986 жылы сатылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!