“Әлемнің 80 елінен келген қырық мың адамды біріктірді“. Италияндық басылым Димаш туралы жазды

Италияның "Pensiero" басылымында Димаш Құдайберген туралы мақала жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәдениет, әдебиет, тарих және философия туралы жазатын италияндық басылымда жарық көрген мақала "Димаш Құдайберген. Шығыс пен Батыстың арасы. Астанаға баруға лайықты өте сирек кездесетін дауыс иесі" деп аталады. 

Бұл мақаланың авторы Димаштың Астанадағы жеке концертіне келген. Ол қазақстандық әншінің қалыптасуы, отбасы, ерекше дауысы туралы баяндайды. 

Мақала авторы Димаш Құдайбергенге "бүкіл адамзатты байланыстыратын дәнекер" деп баға берген.

"Әлемнің сексен елінен келген қырық мың адамды Димаштың өнері біріктірді! Концерттегі атмосфераны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Біз бірдей жылдамдықпен соғып жатқан көп жүрекпіз. Димаштың әр концерті бұрынғысына ұқсамайды. Ерекшелігімен есте қалады. Біз өзімізді тіліміздің әртүрлілігіне қарамастан, БҰҰ-ның штаб-пәтерінде тұрғандай сезіндік", - делінген мақалада.

Еске салайық, бұл - Димаш Құдайберген туралы жарық көрген алғашқы шетелдік мақала емес. Бұған дейін Францияның Planète Paix журналында да Димаш туралы мақала жарияланған болатын. Айта кетейік, Planète Paix - дүниежүзіндегі маңызды мәселелерді қарастырып, әлемді бейбітшілікке шақыратын ай сайын бір рет шығатын Франциядағы жалғыз журнал.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!