Алматыға келген әлемге танымал әнші Джейсон Дерулоға шапан сыйға тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Америкалық әнші әрі биші Алматы әуежайына 3 ақпанға қараған түні келді. Оны концертті ұйымдастырушылар қарсы алып, өнерпазға сыйға шапан тарту етті. Джейсон сыйлықты бірден киіп көрді және әуежайдан шыққанша оны шешпеді.
Джейсон Деруло әнші, биші және актер ретінде танымал. Ол R&B жанрында бес альбом шығарды. Оның 13-і - платина синглі, YouTube-те 7 миллиардтан астам қаралымы және Лил Уэйн, Питбулл және Шон Комбс сияқты жұлдыздармен дуэттері бар.
Дерулоның концерті Алматы Аренада 3 ақпанда сағат 20:00-де өтеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!