“Әлемге әйгілі жұлдыз!“ Димаш Құдайберген Мажарстан премьерін тәнті етті

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанмен бірге суретке түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Димаш пен Виктор Орбанның Instagram парақшаларында Қазақстан мен Мажарстан туларының фонында түсірілген сурет жарияланды. Онда әнші мен саясаткер құрмет белгісі ретінде қолдарын жүректерінің үстіне қойып, жылы лебіздерін білдірген.

"Әлемге әйгілі қазақ жұлдызы Будапеште", - деп жазды Мажарстан премьер-министрі.

Бірнеше күн бұрын Димаш Құдайберген Будапештке ұшып бара жатқаны жайлы жазған болатын. Артынша Будапеште түскен суретін жариялап, "Будапештегі кинематографиялық ауа райы. Кармелита Колостордан көрініс" деп жазды ол. 

Еске салайық, бұған дейін композитор, ақын және әнші, Францияның экс-бірінші ханымы Карла Бруни әлеуметтік желідегі парақшасында Димашқа алғысын білдірген еді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!