Әлемдік танымал тиктокер шапан киіп, қазақстандықтарды тәнті етті

Танымал тиктокер, корей блогері Шинсама жаңа ролигінде шапан киіп шықты. Осылайша, ол қазақстандықтарды тәнті етті, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle.

Қазақстандықтар корей TikTok-жұлдызының тренд бойынша классикалық смокинг емес, қазақтың шапанын кигеніне назар аударған. Блогердің видеосы 2 миллион қаралым жинаған.

@shinsama422

?

♬ BILLIE EILISH. - Armani White

"Жарайсын, Шинсама!", "Менің жаңа крашым!", "Қазақша өзгеріс", - деп жазды қазақстандықтар.

Қазір корей блогерінің парақшасында 16 миллион оқырман бар, сондай-ақ, 181 миллион лайк жиналған.

Шинсама корей актері Кон Юменге ("Токкэби" телехикаясының бас кейіпкері) ұқсастығына байланысты танымал болған.

@shinsama422 부산에 1988년도를 느낄 수 있는곳이 있다고?! ? 서울대작전 댄스챌린지를 부산에서 신사마와 함께 참여해봐요 ~?? #서울대작전 #넷플릭스 #서울대작전댄스챌린지 #netflix #seoulvibe #허니제이 #송민호 ♬ 서울대작전 OST (Seoulvibe) - Netflix

Қыркүйектің басында кореялық TikTok-бірлестік Алматыға Nema Fes халықаралық инфлюенсерлер сыйлығына келген екен.

Қазақстанда болған кезінде кореялық TikTok-бірлестік жігіттері Yolo House блогерлерімен видеолар түсірген. Роликтердің бірінде блогерлер корей және қазақ тіліндегі сөздердің айтылуын салыстырады.

@shinsama422 ‼️⁉️⁉️ @satori @수니버스 SOONIVERSE ♬ 오리지널 사운드 - 신사마 SHINSAMA

Әлеуметтік желі қолданушылары танымал блогердің шапан киген видеосы қазақстандықтарға жылы қабылдағаны үшін құрмет білдіргені екенін жазып жатыр.

"Корейлер салт-дәстүрді құрметтейді және Шинсамаға берілген қазақтың дәстүрлі сыйлықтары талғамына сай келгенін көруге болады", "Шапан кез келген бренд сырт киімге қарағанда, сәнді көрінуі мүмкін деп ешқашан ойламаппын", - деп жазған Желідегілер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!