Әлемдік жұлдыздарға ән жазатын қазақстандық мұғалімнің қаламақысы қанша?

Америкалық рэп орындаушы әрі әнші Ники Минаждың әуеніне саунд-продюсер болған қазақстандық битмейкер Ерқанат Садуханов табысы туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы Jibek joly телеарнасына берген сұхбаты кезінде айтты.

 "2015 жылы бастаған кезде 2 000 теңгеге, 3 000 теңгеге сатқан болатынмын. Студенттік кезде дөнер алуға жететін ақша. Одан кейін өсті. Бәрі сұрайды Дуа Липаны. Қанша алды... Енді оны қысқаша айта кетсем, жаңағы сайтта өзінің бір стандартты баға тұрған болатын 500 доллар. Оны мен жұлдыздар алатынын білмеймін ғой. Ол енді бәріне арналған баға... сол 500 долларға өтіп кеткен болатын", - деді ол.

Битмейкердің сөзінше, қазір оның гонорары 10 есе өскен.

"Теңгемен 3 миллион, 4 миллион. Ол енді үлкен әртістер болса...", - деді Ерқанат.

Айта кетейік, Ерқанат Садуханов - Абай облысы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында биология пәнінен сабақ беретін мұғалім. Ол музыка әлемінде @eraholic лақап атымен танымал. Жас мұғалім өз парақшасында Ники Минаждың "Pink Friday 2" делюкс-альбомына саунд-продюсер болатынын ресми түрде жариялады.

Жас мұғалім Ерқанат Садуханов ұстаздық қызметімен қатар сүйікті ісін бірге алып жүріп, халықаралық жобаларда шығармашылық қабілетімен танылып жүр.

Ники Минаж - әлемдегі ең табысты рэп-орындаушылардың бірі. Ол көптеген марапат иегері, оның ішінде ASCAP сыйлығын "ең үздік хип-хоп орындаушысы" ретінде алған, сондай-ақ жақында Эминемді басып, әлемдегі ең көп қаралымы бар рэп-орындаушы атанды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!