Жануарлар уды жыртқыштардан қорғаныс ретінде немесе аң аулауға пайдаланады. Сондай-ақ оларды қоршаған ортадан у алуы мүмкін. Көптеген өсімдік жыртқыштардан қорғану үшін улы заттар бөледі. Мысалы, кейбір жануарлар құрамында улы заттар бар өсімдіктермен қоректенеді және оларды у ретінде пайдалану үшін өз денесінде жинай алады.
Табиғатта жүйке жүйесіне әсер ететін нейротоксиндерден бастап қанға әсер ететін гемотоксиндерге дейін алуан түрлі у бар. Улар кардиотоксикалық (жүрек қызметін зақымдайды), цитотоксикалық (жасушалық құрылымға әсер етеді), некротикалық (қатты ауырсынуды және тіндердің өлімін тудырады, бактериялық негізге ие) және ағзаға әртүрлі әсер етуі мүмкін.
© knowhow.pp.ua
Теңіз арасы (лат. Chironex fleckeri)
Теңіз арасы деп аталатын медузаның бұл түрі, өте улы. Мысалы, бұл медузаның уы кобраның уына ұқсайды, бірақ күші жағынан жүз есе күшті. Теңіз арасының уынан 3 минут ішінде 60 адам өлуі мүмкін. Бір қызығы, бұл медузаның сыртқы түрі соншалықты мөлдір, оны көру мүмкін емес. Бұл ретте оның өлшемдері 15-тен 40 сантиметрге дейін. Қалыпты қозғалыс кезінде оның денесі 15 сантиметр болғанымен олжасын көргенде 4 метрге дейін созылады.
Ең қауіпті тіршілік иелерінің кейбірі су ортасында өмір сүреді.
1956 жылы Кливленд жағажайларында адамдар жаппай өле бастаған. Сол кезде ғана адамдар бұл медуза түрін анықтады. Зерттеу кезінде оның 60 қармаушы (аяғы) бар екенін, олардың әрқайсысында 5000-ға дейін шанышқысы барын анықтады. Медуза уының құрамында токсиндердің қоспасы, оның ішінде адамның жүйке жүйесіне әсер ететін күшті нейротоксин бар.
© inokean.ru
Әлемдегі ең қауіпті ұлу - конус (лат. Conus geographus)
Ұлуларды қауіпсіз деп ойламаңыз. Олар да қауіпті, сондықтан естелік ретінде қабықты іздегенде, сақ болыңыз.
Конустар – мұхиттардың тропиктік және субтропиктік аймақтарында өмір сүретін теңіз ұлулары. Олардың конус тәрізді қабығы, әдетте түрлі-түсті және әдемі. Бұл моллюскалардың тісінде жүйке жүйесіне әсер ететін және сал ауруына немесе тіпті өлімге әкелуі мүмкін конотоксиндер бар. Бұл уды "темекі өлімі" деп атайды. Себебі конус тістегенде өлім тез, темекі шеккендей уақытта келеді. Бір қызығы, олардың уының әсеріне қарсы антидот жоқ. Сондықтан, әдемі улу қабығын кездестірсеңіз, оны алуға асықпаңыз.
© inaturalist.ala.org.au
Қорқыншты листолаз (лат. Phyllobates terribilis)
Жануардың түсіне әрқашан назар аударыңыз, жарқын түсті жануарлар әдетте үлкен қауіп төндіреді.
Аталмыш құрбақа түрі "Қорқынышты листолаз" деп аталады. Колумбияның тропикалық ормандарында кездеседі. Бұл әлемдегі ең улы бақа болып саналады. Және терісіндегі түрлі өрнек болашақ жыртқыштар үшін ескерту ретінде қызмет етеді. Жалпы, жануарлар әлемінде ашық түстер көбінесе апосематизм деп аталатын қорғаныс механизмі ретінде әрекет ететін уыттылықтың жоғары деңгейді көрсетеді. Оның уы – нейротоксин. Бұл бұлшық еттердің сал ауруына немесе болашақ жыртқыштардың өліміне әкелуі мүмкін. Мұндай бақалардың бірінде шамамен 10 ересек адамды өлтіруге жеткілікті батрахотоксин бар.
© newsfrol.ru
Акантастер (Acanthaster)
Бұл теңіз жұлдызы өзінің ерекше сыртқы түрімен танымал: оның денесін тәжге ұқсайтын ұзын, өткір тікенектер жауып тұрады. Бұл түр Үнді-Тынық мұхиты аймағының тропикалық суларында, соның ішінде Үлкен тосқауыл рифінде кездеседі.
Акантастер табиғи түрде теңіз экожүйесінде пайда болғанымен, оның популяциялары маржан рифтеріне айтарлықтай экологиялық зиян келтіреді.
Тікенек тәжінің улылығы оның денесінде тікенектерінің ұштарында орналасқан улы бездер тобының болуына байланысты.
Акантастердің тікенегі өте өткір, адам денесіне енгенде қатты ауырсыну, ісіну, қызару және қышу пайда болуы мүмкін. Кейбір адамдарда есекжем немесе тыныс алу проблемалары сияқты аллергиялық реакциялар дамиды.
© pulse.mail.ru
Тайпан (лат. Oxyuranus)
Тайпан – жендет жылан Аустралияда өмір сүреді және адамдар үшін ең қауіптілерінің бірі болып саналады. Тайпанның күшті жақтары мен үлкен улы тістері бар, олар құрбандарына тез шабуыл жасауға мүмкіндік береді. Оның уы қан айналымының бұзылуын тудыратын және зардап шегуші үшін ауыр зардаптарға, соның ішінде сал ауруына және жүрек тоқтауына әкелетін нейротоксикалық және коагулопатиялық әсерлерге ие. Тайпанның шағуы 4-12 сағат ішінде өлімге әкелуі мүмкін.